| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Салаларға инвестиция артып, шетелдік капитал тартылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 22,7 трлн теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға өсті. Елдегі инвестициялық белсенділік әсіресе қаржы, энергетика, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, ақпарат және байланыс, білім беру және көлік салаларында байқалды.
Шетелдік инвестициялар да өсіп, жылдың алғашқы 9 айында 14,9 млрд долларды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,9%-ға жоғары көрсеткіш болып отыр.
Салалар бойынша өсу динамикасы:
Қаржы және сақтандыру — +88,4% (313,5 млрд тг)
Энергетика (электр энергиясы, газ, бу, ыстық су) — +53,1%
Ауыл шаруашылығы — +53%
Өңдеу өнеркәсібі — +30,1%
Ақпарат және байланыс — +13,4%
Білім беру — +9,2%
Көлік және қойма — +9%
Экономиканы дамыту және инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында мемлекет 2030 жылға дейінгі стратегияны жүзеге асыруда. Бұл шаралар елге жаңа қаржы ағынын тартуға және инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.