| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда шетел азаматтарына елге келмей-ақ жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) рәсімдеуге көмектескен заңсыз схема анықталды. Іске мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің қатысы бары белгілі болды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 2024–2025 жылдар аралығында шетел азаматтарына Қазақстан аумағына келмей-ақ ЖСН алуға мүмкіндік берген заңсыз схема жұмыс істеген.
Тергеу барысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Астана қаласындағы филиалының бірқатар қызметкерлері қылмыстық әрекетке қатысқаны анықталды. Олар ақпараттық жүйелерге жалған мәліметтер енгізіп, құжаттарды заңсыз рәсімдеген деген күдікке ілінген.
Ведомствоның хабарлауынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу аяқталған. Қазіргі таңда іс материалдары сот қарауына жолданды.
Құзырлы органдар заңсыз рәсімделген құжаттардың саны мен келтірілген залал көлемін анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.