Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанға Отырардан шыққан ғұлама ғалым Исмаил бин Хаммад әл-Жауһари әл-Фарабидің «Ас-Сихах» кітабы жеткізілді
Жаңалықтар

Қазақстанға Отырардан шыққан ғұлама ғалым Исмаил бин Хаммад әл-Жауһари әл-Фарабидің «Ас-Сихах» кітабы жеткізілді

18.01.2024
1 мин
0
579
Фото: gov.kz

Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ұлттық қорға енген мұралардың қатарында Отырардан шыққан ғұлама әрі ақын Исмаил бин Хаммад әл-Жауһари әл-Фарабидің «Ас-Сихах» атты кітабы да бар. Кітап атауының қазақша аудармасы «Тіл тәжі және араб тілінің дұрыс сөздері» деп аталады, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Орталық мемлекеттік архивінің қызметкерлері «Архив – 2025» бағдарламасы аясында Мысыр Араб Республикасынан көптеген тың деректерді елге жеткізді.

Сириядағы «Әл-Ассад ұлттық кітапханасынан табылған құнды еңбек – 40 мың түбірді біріктірген араб тілінің классикалық түсіндірме сөздігі ретінде бағалы. Сөздік араб тілі ғана емес, әдебиеті жөнінде де аса бай мағлұмат береді. Отырарлық ғұлама ғалымның аталған еңбегінің тағы бір қолжазба үлгісі Каир қаласындағы әл-Азһар универсиетінің кітапханасынан анықталып, көшірмесі алынды.

«2022 жылы архивтің қызметкерлері елге жеткізген «Ас-Сихах» еңбегі ғалымдар тарапынан зерттелуде. Құнды мұраның елімізде жоқ түпнұсқасының бір бөлігінің табылуы маңызды жаңалықтың бірі саналады. Себебі Исмаил әл-Жауһари әл-Фарабидің бұл шығармасы жалпы 6 томнан тұрады. Осыған дейін ғұламаның «Ас-Сихах» еңбегінің бір томы Алматы қаласындағы Ұлттық кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында қолжазба күйінде сақталған болатын. Мұнан бөлек бұл құнды еңбектің әртүрлі қолжазба нұсқалары Лондон, Берлин, Лейден, Париж қалаларындағы кітапханалардың қорында бар. Архив мамандарының Мысырдан тапқан нұсқасы елдегі нұсқаларды толықтыратынына сенім мол»,- деді Орталық мемлекеттік архивінің директоры Сәбит Шілдебай.

ҚР Орталық мемлекеттік архивінің ғылыми өкілдері Ресей, Франция, Қырғызстан, Белоруссияның мемлекеттік архивтерінде, сонымен қатар, Түркия, Иран, Египет сияқты елдердің кітапханалары мен архивтерінде жұмыс істеп, Қазақстан тарихына қатысты барлығы 20 мың парақтан астам құжат анықтап, көшірмесін әкелді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл