Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанға педофилдер, экстремистер мен лаңкестер кіргізілмейді
Жаңалықтар

Қазақстанға педофилдер, экстремистер мен лаңкестер кіргізілмейді

14.02.2024
1 мин
0
339
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Маггерам Маггерамов көші-қон мен қылмыстық-атқаруды реттейтін заң жобасын Сенатқа жолдауды ұсынды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

«Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарап, мыналарды атап өтеді. Аталған заң жобасы бір топ депутаттармен «Халықтың көші-қоны туралы» Заңын жетілдіру және өзге де заңнамалық актілерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді», - деді Маггерамов.

Заң жобасы мынадай негізгі ережелерді көздейді: 

  • Көші-қон саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындау;
  • Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстары үшін сотталған шетелдіктерге елімізге кіруді және елдің азаматтығын алуды шектеу;
  • Экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктердің елге кіруіне тыйым салу;
  • Төтенше жағдайларда қолданылу мерзімі өткен құжаттарды пайдалану мәселесін реттеу.

«Жоғарыда аталған жаңалықтарды іске асыру заңнамада бар олқылықтарды жояды, көші-қонды неғұрлым тиімді бақылауды қамтамасыз етеді және халықты құжаттандыру рәсімдерін жақсартады.Заң жобасын жұмыс тобының отырыстарында қарау барысында Парламент Мәжілісінің депутаттары бірқатар түзетулер енгізді», - деді ол.

Атап айтқанда:

  •  «Қандас» мәртебесін беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және азаматтығын қалпына келтіру рәсімін жетілдіруге;
  •  Қабылдаушы өңірлерде қоныс аударушылар үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін иеліктен шығару құқығынсыз конкурстан тыс тәртіппен алуға және қолданыстағы заңнамада белгіленген ең төмен мөлшерден аспайтын көлемде қолайлы жағдай жасауға;
  •  «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларға төленетін, көшуге, тұрғын үй жалдау және коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге арналған мемлекеттік субсидияларды қорғауды қамтамасыз етуге;
  •  Еңбекші көшіп-қонушыларға бір айдан он екі айға дейінгі мерзімге еңбек ету рұқсатын алуға мүмкіндік беруге және басқа да түзетулерге байланысты түзетулер енгізілді.

«Бұдан басқа, заң жобасын жұмыс тобы шеңберінде талқылау кезінде заң жобасының бүкіл мәтіні бойынша құқықтық олқылықтарды болғызбау, заң жобасының нормаларын Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық актілеріне сәйкес келтіру мақсатында редакциялық, нақтылаушы сипаттағы түзетулер енгізілді», - деді ол.

Парламент Мәжілісінің тұрақты комитеттері заң жобасы бойынша оң қорытындыларын берді.

«Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура, Жоғарғы сот, Әділет, Сыртқы істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Қаржы, Ұлттық экономика, Төтенше жағдайлар, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Ғылым және жоғары білім, Денсаулық сақтау министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ұлттық Банк, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және басқа да мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының 39 отырысы өткізілді.Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, Комитет «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын екінші оқылымда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысына қарауға енгізуге болады деп есептейді», - деді Маггерамов.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл