Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстаннан 1200 таксист, жұмысшы және студент депортацияланды
Жаңалықтар

Қазақстаннан 1200 таксист, жұмысшы және студент депортацияланды

17.03.2025
1 мин
0
93
Сурет: polisia.kz

11-14 наурыз аралығында ел аумағында "Мигрант" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзудың 10 мыңға жуық дерегі анықталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықовтың айтуынша, 4,5 мың шетелдік елде болу мерзімін бұзған, ал 2,5 мыңы заңсыз еңбек қызметімен айналысқан. Олардың қатарында 60 заңсыз такси жүргізушісі анықталды. Бұған дейін жүргізілген арнайы операция барысында 700-ге жуық заңсыз таксист анықталған еді. Сот шешімімен 1240 шетелдік елден шығарылып, оларға бес жылға Қазақстанға кіруге тыйым салынды. Заң бұзушылардың басым бөлігі жақын шет мемлекеттердің азаматтары, сонымен қатар Бангладеш, Египет, Италия, Нигерия және Мадагаскардан келгендер де бар. Операция барысында іздеуде жүрген 20 шетелдік ұсталды.

Сонымен қатар, 2200 қабылдаушы тұлға шетелдіктердің келуі туралы полицияға хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 12 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. 500 қазақстандық жұмыс беруші шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқаны үшін жалпы сомасы 33 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Оның ішінде бес тұлға мұндай заң бұзушылықты қайталап жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Шетелдіктерге жалған құжаттар рәсімдеген Қазақстан азаматтарына қатысты 12 қылмыстық іс қозғалды.

Мәселен, Астанада бір университеттің жатақхана коменданты 56 еңбек мигрантына студент ретінде уақытша тұруға рұқсат берген. Алматы облысында нотариус көмекшісі шетелдіктерді жоқ мекенжайларға тіркеу үшін жалған сенімхаттар жасаған. Барлық деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

ІІМ азаматтарды көші-қон заңнамасын сақтауға және шетелдіктер мен қазақстандықтарды күмәнді тұлғалардан заңсыз қызмет алудан сақ болуға шақырады.

- Шетелдіктердің келуі туралы хабарлама беру, ЖСН алу, дактилоскопиялық тіркеуден өту және уақытша тұруға рұқсат рәсімдеу мемлекеттік бажды талап етпейді. Заң мен тәртіпті сақтауға шақырамыз, — деді Аслан Аталықов.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл