Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Синоптиктер алдағы күндері еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа райы сақталатынын ескертті. Желдің екпіні күшейіп, көктайғақ, тұман және бұрқасын болуы әбден мүмкін, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың батысы мен оңтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Түркістан облысында аймақтың батысы, оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман түсетіні болжанып отыр.
Абай облысында қарлы жел күшейіп, желдің жылдамдығы секундына 23 метрге дейін жетуі мүмкін. Бұл жағдай облыстың батысы, солтүстігі мен орталық аймақтарын қамтиды.
Ақтөбе облысында түнде батыс, ал күндіз солтүстік және батыс аймақтарда көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысында солтүстік пен шығыс аудандарда бұрқасын күтілуде. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Қарағанды облысында жаяу бұрқасын батыс пен солтүстік аймақтарды қамтиды, ал шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрайды.
Солтүстік Қазақстан облысында қарлы бұрқасын болуы ықтимал. Желдің екпіні кей жерлерде секундына 23-28 метрге жетуі мүмкін.
Еліміздің басқа өңірлерінде де ауа райы тұрақсыз болмақ.
Азаматтарға жолда абай болуға және қажетті сақтық шараларын қабылдауға кеңес береміз.