Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
АКРА болжамын «терістен» «тұрақтыға» жақсарта отырып, Қазақстанның кредиттік рейтингтерін BBB+ деңгейінде растады, деп хабарлайды primeminister.kz.
Аналитикалық кредиттік рейтинг агенттігінің (РФ) жаңартылған есебіне сәйкес, бағалау тұрақтылығының факторлары одан әрі экономикалық өсу әлеуеті, құрылымдық, экономикалық және монетарлық саясаттың тиімділігі, нарықтар мен қорландыру көздеріне қолжетімділік, борыштық орнықтылық болды.
Қазақстанның егеменді кредиттік рейтингі әл-ауқаттың салыстырмалы түрде жоғары деңгейіне, мемлекеттік борыштың қалыпты деңгейіне, ҚРҰҚ-дағы өтімді активтердің елеулі көлеміне және халықаралық резервтердің жеткілікті көлеміне негізделген.
Қазақстанның егемен кредиттік рейтингі бойынша болжамның «терістен» «тұрақтыға» өзгеруі 2020 жылғы сыртқы және ішкі шоктардан туындаған сын-тегеуріндердің әлсіреуіне байланысты.
2020 жылы Қазақстан экономикасының өсу қарқыны -2,6%-ті құрады, бұл дамыған елдермен (-5,4%) салыстырғанда да, дамушы елдермен (-5%) салыстырғанда да айтарлықтай тұрақты көрсеткіш болып отыр. АКРА 2021 жылы экономикалық өсімді 3,8%-ке дейін қалпына келтіру күтілуде,
2021 жылы АКРА инфляцияның нысаналы дәліз шеңберіне қайта қалыпқа келуін қадағалайды (4-6%). Бұл ұлттық валютаға қысымның төмендеуіне және 2020 жылғы инфляцияның әсеріне байланысты болды.
Өткен жылы теңгенің АҚШ долларына қатысты құнсыздануы орта есеппен 8%-ті құрап, өткен дағдарыс кезінде тіркелген деңгейден әлдеқайда төмен болды (2016 жылы - 54%).
АКРА 2020 жылдың аяғында мемлекеттік қарыздың ЖІӨ-нің 24,5%-ке дейін өсуін қалыпты жағдай ретінде қарастырады. Сонымен қатар, 2021 жылы мемлекеттік борыш деңгейі бюджет тапшылығының төмендеуі және экономиканың қалпына келуі жағдайында тұрақты болады деп күтілуде.
АКРА атап өткендей, қоғамдық институттар мен мемлекеттік институттарда оң өзгеріс байқалады.
Жағдайға оң әсер ететінфакторлардың бірі — адам капиталын жақсарту. Дүниежүзілік банктің 2020 жылға арналған бағалауы бойынша Қазақстанның адам капиталының индексі Орталық Азия елдері бойынша орташа деңгейден жоғары және салыстырылатын елдер тобының рейтинг санаты бойынша ең жоғарғылардың бірі.