Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанның отын-энергетика кешені: мұнай экспорты 73,4 млн тоннаға жетті
Үкімет

Қазақстанның отын-энергетика кешені: мұнай экспорты 73,4 млн тоннаға жетті

17.12.2025
мин
0
92
Сурет: gov.kz

Биыл Қазақстан мұнай экспорттау мен газ өндірудің жылдық жоспарын ойдағыдай орындады. Энергетика министрінің орынбасары Сұңғат Есімханов Үкімет отырысында осындай мәлімет айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Сұңғат Есімханов Үкімет отырысында 2025 жылғы қаңтар-қарашадағы отын-энергетика кешенінің ағымдағы жай-күйі туралы баяндады. Ол есепті кезеңде мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 91,9 млн тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 114,1%-ды құрағанын атап өтті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру жоспары 96,2 млн тонна. 11 айда мұнай экспорты 73,4 млн тоннаны немесе 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116,1%-ды құрады.

- Атап өту қажет, мұнай экспорты осы жылғы 70,5 млн тонна жоспарлы көрсеткішіне қол жеткізілді, — деді Сұңғат Есімханов.

Вице-министр сондай-ақ есепті кезеңде 62,8 млрд м3 газ немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116,7% өндірілгенін хабарлады. 2025 жылы 62,8 млрд м3 көлемінде газ өндіру жоспары орындалды. Сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 2,8 млн тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,8%-ды құрады. Ел аумағы арқылы өтетін газ транзитінің көлемі 64,5 млрд текше метр болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,9%-ды құрады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл