Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
“Қазақтар дәретханаға баруды орыстардан үйренді” деген мәлімдемесі үшін Беларусь азаматшасы 2 жылға сотталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Беларусь азаматшасының заң бұзғанын әшкерелеуге украиналық азамат ықпал еткен. Ол әйелдің айтқан сөздерін тікелей эфирде видеоға жазып алған.
Алматы қаласының 38 жастағы тұрғыны Татьяна Мезина “Чат-Рулетка” платформасында қазақтар дәретхана мәдениетін орыстардан үйренгенін мәлімдеген. Оның сөзінше:
- Кеңес өкіметі келгеннен кейін орыстар қазақтарды киіз үйден шығарып, әжетхана қолдануды үйретті. Тіпті, олар “дәретхана қағазын да қолдануға болады екен” деп таңданған. Осылайша, орыстар Қазақстанға өз мәдениетін әкелді. Басқа халықтарға қарағанда, Қазақстанға орыс мәдениеті кеш дамыды, - деп айтқан.
Сонымен қатар, ол “Қазақстанның Ресейге қайта қосылуын қалайсыз ба?” деген сұраққа:
- Иә, мен дінімді де ауыстырамын. Беларусьті де, бәрін қосып бір ел болайық! Қазақстан Ресей болсын!, - деп жауап берген.
Сот барысында Татьяна Мезина кінәсін толық мойындап, ол кезде мас болғанын, айтқан сөздері үшін өкінетінін жеткізді. Ол соттан өзін бас бостандығынан айырмауды сұраған.
Алайда, судья Залина Махарадзе сотталушының әрекеттеріне баға беріп, оған Қазақстан Қылмыстық кодексінің 174-бабы (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру) бойынша 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұл бап бойынша 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Татьяна Мезина жазасын қауіпсіздігі барынша төмен колонияда өтейтін болады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.