Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақтың ер-азаматтарын ез қылып көрсететін контенттер көп – Депутат Аманжол Әлтай
Жаңалықтар

Қазақтың ер-азаматтарын ез қылып көрсететін контенттер көп – Депутат Аманжол Әлтай

21.02.2024
1 мин
0
309
Фото: mavink.com

Мәжіліс отырысында депутат, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Аманжол Әлтай қоғамда ерлерді ез қылып көрсететін ақпараттар көбейіп кеткенін айтты. Ол әйелдердің ғана емес, ер-азаматтар мен ата-аналардың құқығын қорғайтын нормалар туралы сұрады, деп хабарлайды Dauletten.kz.

«Қазақ деген халық анасын ардақтаған, аруын аялаған, ата-анаға құрметпен қараған халықтың өкіліміз. Отбасы  - өте күрделі институт. Өкінішке қарай, бүгінгі қоғамда түрлі келеңсіз оқиғалар белең алуда. Солардың санатында ер азаматтан қысым көрген әйел адам ғана емес, әйелден де қысым көрген еркектер де баршылық. Сонымен бірге өзінің қартайған шағында балаларынан қысым көріп отырған қарт ата-аналар да жетерлік. Біздің буынымызда «әкеммен ақылдасайын», «әкемнен сұрайын», «әкем біледі» деген түсінікпен өскен буын едік, қазір «мамам біледі», «мамамнан сұраймын», «мамам шешеді» деген балалар көбейіп бара жатыр», - деді ол.

Депутаттың айтуынша, өзінің туған балаларынан зорлық-зомбылық көретін ата-аналар саны да көбейіп бара жатыр.

«Қоғамда ер азаматтар мен ата-аналардың құқығын қорғау мәселесіне қандай жауап беріледі? Ақпарат саласының өкіліне айтарым, бүгінде ақпарат кеңістігінде қазақ жігіттерін, ер-азаматтарын ез, қорқақ, жалтақ қылып көрсететін түрлі контенттердің көбеюі, комедиялық жанрдағы фильмдердің көбеюі нені түсіндіреді?», - деп Әлтай баяндамашы Жұлдыз Сүлейменова мен Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкіліне қарата айтты.

Депутат Жұлдыз Сүлейменова заң жобасы тек әйелдер мен балалардың құқығын ғана қорғамайтынын айтты.

«Денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу бабы барлық азаматтың құқығына байланысты болып отыр. Конституцияда абалалар зейнеттегі ата-аналарына қамқорлық көрсету бар. Осы орайда отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша жұмыс істеуіміз керек», - деді ол.

Өз кезегінде Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов отбасы институтын нығайту бойынша жұмыстар атқарылып жатқанын айты.

«Теңсіздік мәселесі мен отбасындағы әр адамның рөлін анықтау бойынша жұмыстар атқарылады. Ол бойынша «Әкелер одағы» институтының жұмысын қолдаймыз», - деді вице-министр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
286
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл