Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасы Асхат Хасенов "ӨзенМұнайГаз" компаниясындағы ереуіл мен шығындар туралы айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
"ҚазМұнайГаз" басқарма төрағасы Асхат Хасенов Жаңаөзендегі "ӨзенМұнайГаз" компаниясындағы қазіргі жағдайды баяндап, ереуілдің компанияға тигізген шығынын атап өтті.
Хасеновтің айтуынша, ереуілдің әсерінен тәулігіне шамамен 100 тонна мұнай өндірілмей қалуда. Алайда, негізгі техника мен бригадалар жұмысқа кіріскендіктен, өндіріс қайта қалпына келтіріліп жатыр.
Біз шығынды азайту үшін жұмыстарды жедел атқарып жатырмыз. Қазіргі таңда 141 жұмысшы ереуілде болса, 4630 адам өз жұмысында, – деді Хасенов брифингте.
Айта кетейік, қараша айында "ӨзенМұнайГаз" жұмысшылары жалақыны арттыру, еңбек жағдайларын жақсарту және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша ереуілге шыққан болатын.