Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елорда әкімі алданып қалған үлескерлердің тізіміне қалай ілікпеуге болатынын айтты
Баспанаға бағыт

Елорда әкімі алданып қалған үлескерлердің тізіміне қалай ілікпеуге болатынын айтты

31.05.2020
2 мин
3
2044

Елорда әкімі алданып қалған үлескерлердің тізіміне қалай ілікпеуге болатынын айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Биыл Нұр-Сұлтанда 8 мың үлескері бар 20 үй пайдалануға беріледі. Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаланы аралау барысында "Бағыстан" тұрғын үй кешенінің құрылысы барысымен танысып, үлескерлермен әңгімелесті.

"Алтын шар", "Бағыстан" сияқты құрылысы ұзаққа созылған нысандардың құрылысымен айналысатын "GLB" комбинатының кәсіпорын қызметкерлерінің алдында 600 млн теңгеден астам қарызы бар. Кредиторлар алдында да қарызы бар. Мемлекет қолдауының арқасында бұл сома өтеліп, бірқатар мәселелер шешілді. "GLB" комбинаты осы уақытқа дейін өздеріне тиесілі жұмысты атқармаған.

Осы шаралардың барлығын үлескерлердің мәселелерін шешуге бағытталған. Қазір құрылыс жұмыстары басталды. Мақсатымыз - үлескерлерге пәтер кілтін табыстау.

Әкімдіктің ресми сайтында жосықсыз құрылыс салушылардың аттарын жариялаймыз, сондай-ақ заңнамаға өзгерістер қабылданды. Бірақ қала тұрғындары құрылыс салушылар туралы барлық мәліметті тексеріп, рұқсат құжаттарының және басқаларының болуын сұрауы тиіс", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

"Бағыстан","Алтын шар" үйлері биыл пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, "GLB" үй құрылысы комбинаты әлеуметтік тұрғын үй құрылысына тартылды. Модульдік үй құрылысы үйлердің сапасына нұқсан келтірмей шаршы метрдің өзіндік құнын төмендетуге және ғимараттарды салу мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
3 Пікір
А
Аяжан 07.06.2020
Салеметсіздерме!Аманат хоум компаниясы алаяқтар емес пе,шарттары тиімді екен күманданып жатырмыз.Даулет жауап күтемін.Рақмет.
Жауап беру
М
Мадина 02.06.2020
Калыбаева
Жауап беру
Е
Ернұр 31.05.2020
Осындай сенімсіздік болмас үшін қалай тексере аламыз,неге жаңа үйлердің көбісі мемлекеттік бағдарлама арқылы сатпайды мысалы 7-20-25 осы бағдарлама арқылы 10/2-ақ компаниялар жасайды қалғандары жоқ дегенде 50%сұрайды
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл