Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Енді елімізде қоғамдық орындарда құстарға жем шашқан азаматтар айыппұл арқалауы ықтимал. Алдымен құқық қорғау органдары ескерту жасайды. Егер адам бұл талапты елемей, ережені қайта бұзса, оған 100 мың теңгеден асатын айыппұл салынуы мүмкін, - деп хабарлайды Dauletten.kz 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қоғамдық жерлерде құстарды тамақтандыру абаттандыру қағидаларын бұзу болып саналады. Мұндай құқықбұзушылық үшін 69 мыңнан 103 мың теңгеге дейін айыппұл көзделген. Құстарға жем шашуға тыйым салынуының бірнеше себебі бар. Көгершіндер 90-нан астам түрлі ауру қоздырғыштарын таратуы мүмкін. Сонымен қатар олар арқылы бүргелер мен кенелер тарап, желдеткіш шахталар арқылы пәтерлерге енуі ықтимал.
Бұдан бөлек, құстарға арналған азық қалдықтары кеміргіштерді де тартады.
- Қыс мезгілінде құстарды қоректендіруге рұқсат етіледі. Бірақ ол үшін арнайы, қоқыс шашылмайтын қоректендіргіштер қолдану қажет. Дала құстары қыс кезінде пайдалы. Ал жазда олар өз азығын өзі таба алады, – дейді Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Андрей Андрющенко.