Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
ҚазАвтоЖол қазақстандықтарға жолда барынша сақ болуды ескертеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
7 қарашада Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Қарағанды, Қостанай және Қызылорда облыстарының кей жерлерінде қар жауады. Сол себепті ҚазАвтоЖол жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, ауа райының қолайсыздығын ескеруді және шұғыл ақпараттарды назарда ұстауды сұрайды.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде жол жабылған еді. Келесі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысы ашылды:
- Ақтөбе облысы Самара - Шымкент автожолының 776-834 шақырымы аралығы;
- Ақтөбе облысы Қандыағаш - Ембі-Шалқар - Ырғыз автожолының 259-389 шақырымы аралығы;
- Қостанай облысы Жезқазған - Петропавл автожолының 339-377 шақырымы аралығы;
- Ақмола облысы Көкшетау - Атбасар автожолының 47-184 шақырымы аралығы;
- Ақмола облысы Астана - Петропавл автожолының 18-232 шақырымы аралығы;
- Ақмола облысы Астана - Ерейментау - Шидерті автожолының 16-200 шақырым аралығы;
- Павлодар облысы Астана - Ерейментау - Шидерті автожолының 200-254 шақырым аралығы.