| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Көлік министрі Қонаев қаласындағы теміржол вокзалын жаңғырту барысымен танысты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алматы облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Қонаев қаласындағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.
Объектіге бару барысында облыс әкімдігі, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, мердігер ұйым және жауапты қызметтердің өкілдері жобаның іске асырылу барысы туралы баяндама жасады.
Қазіргі уақытта вокзалдағы құрылыс-монтаж жұмыстарының 93 пайызы аяқталған. Бүгінде сыртқы электрмен және газбен жабдықтау желілерін қосу, сондай-ақ ғимаратты жиһазбен және қажетті кеңсе техникасымен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.
Ғимараттың қаңқасын орнату, қабырғалар мен қалқаларды тұрғызу, шатырды монтаждау, ішкі су құбыры және кәріз жүйелерін, жылыту мен желдету жүйелерін орнату, сондай-ақ жолаушылар платформасын салу жұмыстары толық аяқталды. Вокзалдың жалпы ауданы 503,8 шаршы метрді құрайды. Барлық құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау ағымдағы жылдың маусым айының соңына дейін жоспарланған.
Кеңес барысында Алматы облысының басқа да теміржол вокзалдарын жаңғырту барысы қаралды. Бүгінде Қазыбек Бек (Ұзынағаш) пен Шамалған вокзалдарының дайындығы 99 пайызды, ал Жетісу вокзалының дайындығы 92 пайызды құрайды.
Жалпы өңірдегі вокзалдарды жаңғырту жұмыстарының орындалу деңгейі 96 пайызға жетті.
Көлік министрі жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтап, нысандарды уақытылы пайдалануға беруді қамтамасыз етуді тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда 124 теміржол вокзалын жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жаңартылған нысандар заманауи инженерлік жүйелермен, жайлы күту залдарымен, сервистік инфрақұрылыммен жабдықталған, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті жағдайлар жасалуда.
Жобаларды іске асыру жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын едәуір арттыруға, вокзалдардағы жайлылық деңгейін жақсартуға және өңірлердің көлік-логистикалық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.