Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
12 тамызда Алматы–Астана бағытындағы Air Astana әуе компаниясының рейсі Балқаш маңында төтенше жағдайға тап болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жолаушылардың айтуынша, ұшу кезінде әуе кемесінің қысым жүйесі бұзылып, лайнер күрт төмендей бастаған.
Бортта болған жолаушы Threads желісінде оқиғаны баяндады:
- Мен 7 айлық қызыммен және кенже сіңліммен бірге ұшып келе жаттым. Мұндай сәтте жалғыз жүрген әлдеқайда жеңілірек болар еді. Себебі қасыңда балаң болса, оны қалай қорғайтыныңды ойлайсың. Ұшақ күрт төмендей бастады. Бортсеріктер үстелшелерді жинап, орындықтарды тіктеп, биік өкшелі аяқ киім мен әшекейлерді шешуді сұрады. Қону кезінде қатты соққы болуы мүмкін екенін ескертті. Адамдар дұға оқып, жылап, жақындарына қоштасу хабарламаларын жазды, – дейді ол.
Ұшақ Алматыға штаттық режимде қонды. Жолаушылардың бір бөлігі қонақүйге орналастырылып, қалғаны басқа рейстермен жіберілді. Төтенше жағдай кезінде зардап шеккендер жоқ.