Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ахметжанов Қосшыда иттердің атылуына қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар

Ахметжанов Қосшыда иттердің атылуына қатысты пікір білдірді

03.12.2024
1 мин
3
471
Сурет: kp.ua

Қосшыда иттерді ату оқиғасы орын алды. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов бұл жағдайдан хабардар екенін және мәселені жеке бақылауына алғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Косшыда иттерді жаппай атып тастады деген жаңалық тарады. Тұрғындардың айтуынша, өлтірілген иттердің арасында үй жануарлары да болған.

Бұл оқиға жөнінде Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтан ОКҚ-дағы есеп беру брифингінде сұралды.

- Косшыда иттердің өлі денелері табылған жағдай болды. Бұл мәселені жеке бақылауыма алдым. Жануарларға қатыгездік көрсету бойынша 316-баппен қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық жағдайлар анықталып, кінәлілер жауапқа тартылады, – деп уәде берді әкім.

Сондай-ақ, аймақ басшысы келесі жылы Астанада иттерге арналған мемлекеттік паналау орны салынатынын айтты.

- Иттер мәселесін кешенді түрде шешу қажет, Астана әкімдігімен меморандумға қол қойдық. Біз қазір үлкен учаске бөліп жатырмыз – Астана иттерге арналған мемлекеттік паналау орны салатын болады. Қазіргі уақытта, өкінішке қарай, бізде иттерді ұстауға мүмкіндік жоқ, сондықтан келесі жылы паналау орнының құрылысы басталады, – деп толықтырды Марат Ахметжанов.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
3 Пікір
Л
Л 03.12.2024
Аш Иттер өте көп. Балалар сабаққа барғанда алаңдап отырамыз. Өлтіргенін құптамаймын бірақ та соны алып кететін ұйымдарда алып кетпейді ғой орын жоқ деп .
Жауап беру
Б
Бұралқы итті ұнатпайтын адам 03.12.2024
Сенен аяғанымды қызыл итке жем қылсын деген мақал осы заманға айтылған ау тікелей. Көшеде шұбырған бұралқы ит балдарымыздың мектепке баруы қиындап кетті. Адамға деп бөлінетін қаражаттан итке бөлінетін і көп.
Жауап беру
Б
Бұралқы итті ұнатпайтын адам 03.12.2024
Сенен аяғанымды қызыл итке жем қылсын деген мақал осы заманға айтылған ау тікелей. Көшеде шұбырған бұралқы ит балдарымыздың мектепке баруы қиындап кетті. Адамға деп бөлінетін қаражаттан итке бөлінетін і көп.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл