Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қостанай халықаралық әуежайы тағы да аукционға шығарылды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай халықаралық әуежайы жекешелендірілмек. Нысан осы уақытқа дейін екі рет аукционға шығарылған болатын.
2018 жылғы аукционнан соң әуежай республикалық баланстан облыс әкімдігінің балансына берілді. Одан кейін ғимараттың өзі де, ұшу-қону жолағы да жөндеуден өтті.
Қаржы басқармасы қазір әкімдік нысанды нақты қалай жекешелендіру туралы мәселелерді талқылап жатқанын алға тартты.
«Мемлекеттік мүлікті иеліктен шығарудың көптеген жолы бар. Сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін, тендер немесе аукционда бірнеше жолмен сатылымға шығарылуы мүмкін. Яғни мемлекеттік органдардан жергілікті деңгейде мемлекеттік комиссия құрылып, осы үш әдістің бірін бекіту шешімі шығарылады», - дейді Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы Алма Жүсіпова.