Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қостанай облысында 35 млн теңгеден астам сомаға Ресейден заңсыз әкелген вейптер тәркіленді
Жаңалықтар

Қостанай облысында 35 млн теңгеден астам сомаға Ресейден заңсыз әкелген вейптер тәркіленді

12.01.2024
1 мин
0
614
Фото: ҚР ҚМА

2022 жылдан бері Ресейден Қостанай қаласына Республика бойынша айналымға тыйым салынған тиісті таңбалаусыз және салық төлеусіз құрамында никотин бар вейптерді, темекі қоспаларын және темекі шегетін электрондық құрылғыларды тасыған шетел азаматтары ұсталды.

Бұл азаматтар темекі құрылғыларын акциздік және қосылған құн салығын төлемей, халық тұтынатын тауарлар түрінде Қазақстанға кіргізген.

Заңсыз әкелінген акцизделетін өнім облыс аумағында және еліміздің көршілес облыстарында сатылған.

ҚМА Қостанайлық Департамент қызметкерлері 35,2 млн теңге сомасына вейптердің ірі партиясын әкеліп, өткізу кезінде екі шет ел азаматын тұтқындады.

Сот үкімімен А. Б. Рябчиков пен Г.В. Лейкин айыпталған әрекеттері үшін кінәлі деп танылып, айыппұл төлеу түріндегі жазаға кесілді.

ҚМА ел аумағында темекі бұйымдары мен құрамында никотин бар сұйықтықтарды сатуға тиісті салықтар төленген және осы тауар үшін міндетті таңбалау болған жағдайда ғана рұқсат етілетінін ескертеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл