Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қостанай облысында тұрғындар екі тонна бауырсақ пісіріп, әлемдік рекордты жаңартты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қостанай облысының Қамысты ауданында өткен "Бауырсақ Фест" фестивалі жаңа әлемдік рекордты орнатты. Фестивальде тұрғындар екі тоннадан астам бауырсақ пісіріп, бұрынғы рекордты жаңартып, әлемдік деңгейде жаңалық жасады.
Шараға 60-қа жуық мекеменің қызметкерлері қатысып, ұлттық тағамымыз – бауырсақтың бірнеше түрін пісірді. Әр аспаз өз тәжірибесін бөлісіп, бауырсақ пісірудің түрлі әдістерін көрсетті. Бұл фестивальде дайындалған бауырсақтардың жалпы салмағы 2 тонна 300 келіге жетіп, әлемдік рекордты жаңартты. Бұған дейінгі рекорд 2 тонна 47 келі болған еді.
Әлемдік рекордты тіркеу үшін Астанадан арнайы келдік. Қамыстылықтар 2 тонна 100 келіге жетеміз деп жоспарлаған болатын, бірақ бүгінгі көрсеткіш 2 тонна 300 келіге жетті. Бұл тек Қамысты мен Қостанай облысының ғана емес, бүкіл Қазақстанның мақтанышы. Себебі бұл әлемдік рекорд, – деді Қазақстан гиннес рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов.