Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қостанай облысында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Қызыл жалын бір отбасының 5 баласының өмірін қиды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Төтенше жағдайлар қызметі мен облыс басшылығының мәліметінше, қайғылы оқиға Жітіқара қаласында болған. Жеке тұрғын үйден шыққан өртті сөндіруге құтқарушылар 7 минут ішінде келген. Алайда бұл уақытта үй жанып кеткен. Өрт сөндірушілер тез арада өртті сөндіріп, үйінділерді тазартуға кірісті. Апат кезінде үйде 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 ж. кәмелетке толмаған балалар үлкендерсіз болған. Өкінішке қарай, үйінділерді тазарту барысында бес баланың өлі денесі табылды. Балалардың үлкені, 2011 жылы туылған бала ғана аман.
Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың анасы кешкісін құрбысына кеткен, ал жұбайы түрмеде отыр. Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр. Өрт-техникалық зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Апаттар медицинасы орталығы филиалының психологтары туыстарына қажетті психологиялық көмек көрсетуде. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан барлық қажетті көмек, соның ішінде материалдық көмек те беріліп жатыр. Қостанай облысының әкімдігі туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
ТЖМ тұрғындардан кәмелетке томаған балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.