Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қостанай облысында полицейлер қараусыз қалған көпқабатты үйдің балконынан құлай жаздаған ер адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оқиға Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінде сағат 12 шамасында болды. Оқиға орнына қызметкерлер 4 минут ішінде келді.
«Мен гаражыма барып, қараусыз қалған ғимараттың жанында тұрған таныс көлікті көрдім. Жан-жағына қарай бастадым да, қоршалмаған балконның шетінде жатқан адамды байқадым. Бірден полицейлер мен жедел жәрдем шақырдым», - деп атап өтті оқиға куәгері.
Аманкелді Әбдірахиев кенттік полиция бөлімінің бастығы полиция қызметкері Қайрат Асқаровпен бірге ер адамды қауіпсіз жерге сүйреп апарып, медицина қызметкерлеріне оны жедел жәрдем көлігіне жеткізуге көмектескен.
Қазір азаматтың денсаулығы мен өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Оның қараусыз қалған ғимараттың балконына түсу себебі анықталуда.