Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде отандық кәсіпорындар күніне 900 мың бетперде шығарады. Қазіргі кезде қоймаларда 15 миллион медициналық маска бар. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.
Оның айтуынша, елорданың медициналық мекемелеріне 129 өкпені жасанды желдетудің стационарлық аппараты жеткізілді. Өндірісте және стендтік сынақтарда 1 190 ӨЖЖ аппараты (ИВЛ) бар. Оның 181-і жөнелтуге дайын. Аппараттар 10 қазанға дейін еліміздің 17 өңіріндегі 297 аурухана жеткізіледі.
«Ал медициналық қолғаптар өндірісі бойынша күн сайын 330 мың жұп қолғап шығарылады. Қоймаларда қазіргі күні 7 млн жұп қолғап бар. Осы жылдың қарашасында қуаттылығы тәулігіне 530 мың жұпқа дейін ұлғайтылатын болады. Еліміздің фармацевтика саласының 33 компаниясы жылына 3,9 млрд таблетка мен капсула, 922 дәрілік препарат өндіреді. Пандемияның екінші толқыны жағдайында фармацевтика саласындағы кәсіпорындар дәрілік заттардың қажетті бөлігін қамтамасыз етуге дайын», - деді ол.