Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ «ALMATY RESORT» ЕМДЕУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНДЕ БРОНХОБСТРУКТИВТІ СИНДРОМДАРДЫ ЕМДЕУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛІ ҚОЛДАНЫЛУДА
Жаңалықтар

ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ «ALMATY RESORT» ЕМДЕУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНДЕ БРОНХОБСТРУКТИВТІ СИНДРОМДАРДЫ ЕМДЕУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛІ ҚОЛДАНЫЛУДА

01.07.2024
мин
0
258
«Almaty Resort» баспасөз қызметі

Үнемі ізденіс үстінде жүретін біздің емдеу-сауықтыру кешенінің дәрігерлері пациентті емдеп, сауықтыратын тағы бір ерекше тәсіл ойлап тапты. Оның ерекшелігі – екі түрлі ем түрін біріктіру. Құрғақ көмірқышқыл газын сұйық күйінде ваннада қабылдау және тоқ соқтыру арқылы нәтижеге жету. Осы тәсілдің көмегімен қан айналымы нашар, тыныс жүйесі тарылған адамның жағдайы жақсара түседі.

Ваннадағы пациенттің денесіне СО2 ылғал күйінде беріледі. Ол тері арқылы биохимиялық реакцияға түсіп, қан тамырларына еніп, қан тамыры талшықтарын оттегімен байытады. Әсіресе коронарлық артерияға, яғни жүректің күре тамырларына ерекше әсер етеді. Тарылып жіңішкерген тамыр жүйелерін кеңейтіп, түйіліп бітелген тұстарын ашады. Бронх қызметі, яғни тыныс алу жақсарады. Сондай-ақ мидағы оттегімен байытылған қан еркін айналып, ұмытшақтық жоғалады.

Электрмен емдеу және ультрадыбыстық терапия - түйілген қан тамырлары мен бұлшықеттің, сіңірдің жұмысын реттейді. Яғни қан тамырлары ретке келіп, жүрек бірқалыпты соғып, миға да, бүкіл денеге де оттегі қалыпты жағдайда барады.

Бірегей тәсіл «Almaty Resort» емдеу-сауықтыру орталығының бағдарламасына өткен жылы қосылды.

Бүгінге дейін 30-ға тарта пациент емделіп, ауруларынан әбден айығып шықты. Статитикаға сүйенсек, ем алғандардың жас ерекшелігі 30 бен 60 жастың аралығында.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл