Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысының өкімімен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Dauletten.kz, Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Арман Қырықбаев 1976 жылы 20 қазанда Целиноград қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық Академиясының түлегі. «Халықаралық экономист» мамандығын тәмамдаған. Мемлекеттік қызметте, мәдениет және жастар саясаты саласында 25 жылдан астам жалпы еңбек өтілі бар.
Еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің референті, атташесі болып бастаған. 1997-1999 жылдары Өзбекстандағы ҚР елшілігінің атташесі, 1999-2000 жылдары ҚР Сыртқы Істер Министрлігінің үшінші хатшысы, кейін ҚР Сыртқы істер министрлігі ТМД істері комитетінің екінші хатшысы болған. 2002-2004 жылдары «Abe корпорациясы» ЖАҚ Стратегия және маркетинг департаментінің директоры, 2004-2005 жылдары «К-Наурыз"ЖШС Бас директоры қызметін атқарған.
2005 жылы Медеу ауданы әкімінің орынбасары, 2005-2006 жылдары Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры, 2006 жылдың сәуірінен 2008 жылдың ақпанына дейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық – саяси жұмыс және қоғаммен байланыс департаментінің директоры қызметтерін атқарды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы болды. 2010 жылдың қаңтарынан 2012 жылдың ақпанына дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.
2012-2014 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметін атқарды, 2014-2015 жылдары «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі болды. Сондай-ақ 2015 жылғы қазаннан 2019 жылғы шілдеге дейін Алматы қаласы әкімінің ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жастар саясаты, тілдерді дамыту мәселелері жөніндегі орынбасары лауазымын атқарды. 2019 жылғы желтоқсаннан бастап-Nur Otan партиясының хатшысы қызметінде болды.
2022 жылғы 12 ақпаннан бастап – Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.