Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қуандық Бишімбаевтің ісі бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы адвокат Жанна Мұхаммеди мәлімдеді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Адвокаттың мәлімдеуінше, Салтанат Нүкенованы өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу өткен аптаның соңында аяқталған.
«Қазір бізді іс бойынша жүргізілген барлық сараптамалармен таныстырды. Бірақ қылмыстық істің материалдарын әлі толық көрген жоқпыз. Мен мұндай істерде тәжірибелі маманмын. Осыған дейін де кісі өлтіру істерімен айналысқанмын, бірақ сарапшылардың тұжырымдары осы жолы мені таң қалдырды. Мұндай қатыгездік пен салқынқандылықты ешқашан көрмеппін. Қазіргі уақытта Салтанаттың туыстарына деген құрметпен бұл істің егжей – тегжейін аша алмаймыз», - деп жазды Жанна Мухамади.
Адвокат тараптар істің материалдарымен танысқаннан кейін және қорғау өтініштерін мәлімдегеннен кейін іс шешім қабылдау үшін прокуратураға жіберілетінін атап өтті.