Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
7 сәуірде сағат 11:00 шамасында Атырау облысында құтқарушылар екі адамның денесін тапты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ақпарат бойынша, 6 сәуірде Жылыой ауданы Құлсары қаласында 1974 жылы туған ер адам досымен бірге рұқсат ету құжатынсыз су басқан тұрғын үйді тексеру үшін трактормен бара жатқанда жолдан шығып аударылған.
ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезінде өте мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялау пункттерінен кетпеуге шақырды.
Сонымен қатар Құлсарыда қазір әкелі-балалы екі адам іздестіріліп жатыр. Қала тұрғыны Ақмарал Ербөлекова кешеден бері жоғалып кеткен екі ер адамның әлі іздестіріліп жатқанын растады. Ол жан-жақтан көмек сұрап жатқанын, тікұшақ пен дронмен іздеп, сүңгуір жіберсе дейді.