Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Құлсарыдағы тасқыннан зардап шеккен үйлерді бағалау жұмыстары осы аптада аяқталады
Жаңалықтар

Құлсарыдағы тасқыннан зардап шеккен үйлерді бағалау жұмыстары осы аптада аяқталады

21.05.2024
1 мин
0
430
Фото: Атырау облысы ТЖД

Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің төрағалығымен жиын өтіп, тасқынның жағдайы талқыланды. Жиында облыс әкімі Серік Шәпкенов Құлсары қаласындағы жағдай жайында баяндап, шығынды өтеу жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды dauletten.kz порталы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның сөзінше, жылжымайтын мүлікті бағалау комиссиясына барлығы 2 727 өтініш түсіп, 1000-ға жуық үй апатты деп танылған.

«500 тұрғынға бағалау қорытындысы туралы ақпарат берілді. 105 тұрғын өтемақы сомасына келісіп, келісім-шартқа отырды (авариялық – 53, күрделі жөндеу – 52). Бағалау апта аяғына дейін жүреді, мамандар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. 18 мамырда Құлсары қаласының «Болашақ» шағынауданында 150 үй салынады деп жоспарланса, қазір 70 үйдің құрылысы басталды. Жағдай жеке бақылауымда», - деді С.Шәпкенов.

Бұдан бөлек, тасқыннан зардап шеккен кәсіпкерлерге келтірілген шығынды өтеу бойынша да кеңес беру орталығы жұмыс істеп жатыр. Бүгінде 301 кәсіпкерден өтініш түскен.

Төрт-түліктің шығынын есептеу жұмыстары да жалғасуда. Тасқыннан қырылған мал басына өтемақы төлеу 21 мамырда басталады. 150 АЕК мөлшеріндегі мүліктік залалды өтеуге 2 707 өтініш түсіп, оның ішінде 416-ның қорытындысы дайын болған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл