Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қызылорда облысында жаңа зауыт құрылысына 100 млрд теңге бөлінбек.
Өңірлік әкімдікте хабарлағандай, облыста кальцийленген сода өндіретін зауыт салынады. Ақпаратқа сүйенсек, жобаны іске асыруға 100 млрд теңге жұмсалмақ.
Нәтижесінде, 700 жаңа жұмыс орны және қызмет көрсету саласында 500-ден аса жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Қуаттылығы – жылына 300 мың тонна. Бұл өндірісті іске қосу ішкі нарықтың 75%-ін қамтуға мүмкіндік береді.
"Бүгінгі таңда Ресей мен Өзбекстаннан елге жылына 420-450 мың тонна кальцийленген сода импортталады, осылайша 43,1-46,2 млрд теңге республикадан тыс жерлерге кетеді", – делінген хабарламада.
Айта кету керек, зауыт құрылысы биыл басталмақ. Оны іске қосу 2024 жылға жоспарланған. Сонымен қатар, зауыттың айналасында жуғыш заттар, химиялық заттар, еріткіштер шығаратын кәсіпорындар пайда болуы мүмкін. Алайда, оларды жасау сода өндірісі басталғаннан кейін қолға алынбақ.