Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қызылордада тағы бір адам кене шаққаннан қайтыс болды
Жаңалықтар

Қызылордада тағы бір адам кене шаққаннан қайтыс болды

12.07.2023
1 мин
0
674
egemen.kz

Қызылордада конго-қырым қанды безгегіне қолайсыз 106 елді мекен анықталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтылды.

Өңірде кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Жауапты сала мамандары тұрғындарды барынша сақ болуды айтып, дабыл қақты.

Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңірде конго-қырым қанды безгегін жұқтыруы мүмкін деген күдікпен 29 науқас тіркелді. Оның ішінде 10 жағдай нақтыланып, 3 адам қайтыс болған деп жазды sputnik.kz.

«Адамның ауруды жұқтыруы кене шаққан жағдайларда және қанында вирусы бар жануарларды сою кезінде, сондай-ақ науқас адамға күтім жасау кезінде немесе мәйіттің қанымен, ластанған медициналық құралдар арқылы да жұғуы мүмкін. Сондықтан облыс тұрғындарын барынша сақтануға шақырамыз», – деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов.

Мамандардың пікірінше, жыл сайын облыстық бюджеттен тиісті қаражат бөлініп келеді.

«Қазіргі таңда қолайсыз елді мекендердегі тұрғын үй аумақтары мен мал қораларына кенеге қарсы ерітінді қолданылып жатыр. Облыс бойынша көктемгі залалсыздандыру жұмыстарының орташа тиімділік көрсеткіші 97,2 пайызды құрады», – деді Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Жұмылдыру және шұғыл жұмыстар орталығы» директорының міндетін атқарушы Бауыржан Садықов.

Қызылорда – конго-қырым қанды безгегінің табиғи ошағы. Сондықтан қала және барлық ауданда кенеге қарсы көктемгі жұмыстар 2 кезеңмен жүргізіледі.

Конго-қырым қанды безгегі – өте қауіпті аурулардың бірі. Бұл аурудың ең алғашқы белгілері: адамның басы айналады, жүрегі айнып, дене температурасы көтеріледі, әлсіздік пайда болады, іші ауырады. Егер адам өзінен осындай белгілерді байқаса міндетті түрде медициналық көмекке жүгінуі керек.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл