499.83
581.5
6.42
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Референдум күні басқа қалада болсаңыз, не істеу керек?
Жаңалықтар

Референдум күні басқа қалада болсаңыз, не істеу керек?

04.03.2026
мин
0
184
Сурет: gov.kz

Елімізде 15 наурызда референдум өтеді. Егер референдум өтетін күні өзіңіз тіркелген мекенжайда болмай, басқа қалада жүрсеңіз, дауыс беру құқығыңыз сақталады. Ол үшін белгілі бір тәртіпті алдын ала орындау қажет, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 14 наурыз сағат 18:00-ге дейін өзіңіздің учаскелік сайлау комиссиясына жазбаша өтініш беруіңіз керек. Өтініш негізінде сізге есептен шығару куәлігі беріледі. Бұл құжат сіздің негізгі тіркелген учаскеден уақытша шығарылғаныңызды растайды.

Референдум күні өзіңіз болатын қаладағы кез келген дауыс беру учаскесіне барып, аталған куәлікті көрсетесіз. Учаскелік комиссия сізді сол жердегі дауыс берушілер тізіміне қосады. Осылайша, басқа қалада жүрсеңіз де, дауыс беру мүмкіндігіне ие боласыз.

Сонымен қатар есептен шығару куәлігін сенімхат арқылы да алуға болады. Мұндай жағдайда сенімхатты нотариалды куәландыру талап етілмейді.

Маңыздысы — өтінішті белгіленген мерзімге дейін тапсыру және куәлікті өзіңізбен бірге алып жүру.

Жалпы, референдум — бұл ел көлемінде маңызды мемлекеттік немесе қоғамдық мәселелерді тікелей халықтың дауыс беруі арқылы шешу тәсілі. Яғни азаматтар заң жобаларына, конституциялық өзгерістерге немесе өзге де маңызды бастамаларға қатысты өз пікірін білдіреді. Референдум халықтың еркін білдіруінің бір нысаны болып саналады.

Осы орайда айта кетейік, Тәуелсіздік Қазақстанда бірнеше маңызды республикалық референдум өткен.

1995 жылғы 29 сәуірде сол кездегі Президент Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін мерзімінен бұрын сайлаусыз ұзарту мәселесі бойынша жалпыхалықтық дауыс беру ұйымдастырылды. Ресми мәліметке сәйкес, қатысушылардың басым бөлігі – 95 пайыздан астамы – бұл бастаманы қолдаған. Дауыс беруге құқылы азаматтардың 91 пайыздан көбі референдумға қатысқан.

Осы жылдың 30 тамызында жаңа Конституция жобасын қабылдау жөнінде тағы бір референдум өтті. Дауыс беру парағында бір ғана сұрақ болды. Сайлаушылардың шамамен 90 пайызы Ата заңның жаңа нұсқасын қолдап дауыс берді, қатысу деңгейі де 90 пайыздан асты.

2022 жылғы 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қайтадан бүкілхалықтық талқылауға шығарылды. Бұл жолы да бюллетеньде жалғыз сұрақ ұсынылды. Нәтижесінде дауыс бергендердің 77,18 пайызы түзетулерді жақтаса, 18,66 пайызы қарсы болды. Аздаған бөлігі жарамсыз немесе есепке алынбаған бюллетеньдер ретінде тіркелді.

2024 жылғы 6 қазанда атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты референдум өткізілді. Орталық сайлау комиссиясының дерегіне сәйкес, қатысушылардың 71,12 пайызы АЭС құрылысына қолдау білдірді. Жалпы сайлаушылардың 63,66 пайызы дауыс беруге қатысқан.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл