| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Орталық сайлау комиссиясы референдум заңды түрде өтуі үшін қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруі тиіс екенін хабарлады. Ал дауыс берушілердің жартысынан көбі «иә» деп дауыс берген жағдайда ғана жаңа Конституция қабылданады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау үшін өткізілетін референдумде қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруі қажет. Осы талап орындалғанда ғана референдум ресми түрде өткен болып есептеледі.
Референдум нәтижесі бойынша шешім қабылдануы үшін дауыс бергендердің жартысынан көбі «иә» деп дауыс беруі шарт.
Дауыс беру процесінде әр азамат тек өз атынан дауыс беруге міндетті және жеке куәлігін көрсетуі керек. Басқа адамның орнына дауыс беру заңмен тыйым салынған және мұндай әрекеттер анықталған жағдайда құқықтық жауапкершілікке әкеп соғады.
Орталық сайлау комиссиясының айтуынша, бұл ереже әділ және қауіпсіз референдум өткізу үшін негізгі шарт болып табылады.