Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Кеше Ұлттық музей еліміздегі адам ең көп жиналған орынға айналды. Ұлттық музейге барлығы 47 мыңнан астам адам келді. Осылайша, өткен жылғы рекорд жаңартылды. Естеріңізге сала кетейік, бір жыл бұрын акцияға 30 мыңға жуық адам келген болатын, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«Ең алдымен көзге түскені, музейге кіреберістің әрқайсысында бірнеше метрлік кезек пен келушілерге лық толы залдар. Ауа-райы мен кешкі уақыт екеніне қарамастан, адамдар отбасылармен келіп жатты. Ал ауданы 74 мың шаршы метрді құрайтын және 200 мыңнан астам экспонаты бар елдегі ең үлкен музей барлық тілек білдірушілерді әрең орналастырды, ал кейбір залдарда ине шаншар жер қалмады. Соған қарамастан, музейдегі атмосфера ерекше, нағыз отбасылық және шынымен мерекелік болды», - деп жазады Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
фото: Мәдениет және спорт министрлігі