Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ресей президенті: «Қырым көпіріндегі жарылыс – теракт, оны Украинаның арнайы қызметі ұйымдастырды», – дейді.
Таяуда Владимир Путин Ресейдің Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкинмен кездесті. Оның айтуынша, терактіні ұйымдастырғу Ресей мен шетел азаматтары да қол ұшын берген.
«Күлі көкке ұшқан жүк көлігі Болгария, Грузия, Армения, Солтүстік Осетия мен Краснодар өлкесі бағытымен жүрген», – дейді ол.
Бастрыкинның айтуынша, оқиғаға қатысты терроризм бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ресейдің бұл мәлімдемесіне қатысты Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Твиттердегі парақшасында: «Көпірдегі жарылыс басы ғана және заңсыз орындардың барлығы жойылу керек», – деп жазған.
«Бұл Ресей Федерациясының өте маңызды азаматтық инфрақұрылымын жоюға бағытталған теракт екеніне еш күмән жоқ. Ал оны Украинаның арнайы қызметі ұйымдастырған» - , деді Ресей басшысы.