Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Белгілі ресейлік журналист Юрий Дудь Ресейдің "шетелдік агенттер туралы" заңын бұзды деген күдікпен сырттай қамауға алынды, - деп хабарлайды Dauletten.kz Мәскеу қалалық соттарына сілтеме жасап.
Соттың дерегіне сәйкес, Дудь шетелдік агенттерге қатысты заңнамада қарастырылған міндеттерді орындаудан жалтарған деп айыпталуда.
Сот шешімімен оған бұлтартпау шарасы ретінде сырттай екі ай мерзімге қамау санкциясы берілді. Бұл мерзім оның Ресей аумағына экстрадицияланған күнінен немесе ұсталған уақытынан бастап есептеледі.
РБК таратқан мәлімет бойынша, бұл бап аясындағы ең ауыр жаза — бес жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Сонымен қатар Мәскеу қалалық сотының баспасөз қызметі Юрий Дудьтің халықаралық іздеуде екенін растады. Журналист Ресейден 2022 жылдың көктемінде, Украинадағы соғыс басталғаннан кейін кеткен.
Портал мәліметінше, Юрий Дудь — журналист әрі блогер. Оның YouTube арнасына 10 миллионнан астам адам жазылған.
2022 жылдың сәуірінде Ресей Әділет министрлігі оны "шетелдік агенттер" тізіміне енгізді. Дудь бұл шешімге қарсы шығып, министрліктің оны тізілімге енгізу туралы ресми хабарлама жібермегенін алға тартып, бұл әрекетті заңсыз деп тануды сұрады. Алайда Жоғарғы сот оның талап-арызын қанағаттандырмады.