Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанға келіп жатқан Ресей азаматтарының саны азайды. Бұл туралы ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді.
"Қазір бұрынғы қалыпқа оралдық. Ресейден келіп жатқан азаматтар саны елден шығып жатқаннан аз. Ресейден тәулігіне 8-9 мың азамат келсе, 10-11 мыңы шығып жатыр", - деді Ахметжанов үкімет кулуарында.
Айтуынша, арасында депортацияланғандар да бар. Бірақ министр олардың нақты санын айтпады.
"Тек ресейліктер ғана емес, көші-қон заңын бұзған азаматтардың бәрі сот арқылы мемлекеттік шекарадан шығарылады", - деді ІІМ басшысы.