Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ресей Мемлекеттік Думасы экс-көлік министрі Роман Старовойттың өз-өзіне қол жұмсағанын растады. Қайғылы жағдайға байланысты тергеу жүргізілуде, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қорғаныс комитетінің төрағасы Андрей Картаполов RTVI арнасына берген сұхбатында Старовойттың өзін-өзі атып өлтіргенін мәлімдеді. Бұған дейін ол президент Владимир Путиннің жарлығымен қызметінен босатылған еді.
РИА Новости агенттігі де бұл деректі шұғыл қызметтерге сілтеме жасап растады.
Оқиға Мәскеу облысындағы Одинцово қаласында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, экс-министр өз көлігінің ішінде оқ жарақатынан қаза тапқан.
Ресейдің Тергеу комитеті ресми мәлімдеме жасап, Старовойттың өліміне қатысты тексеріс басталғанын хабарлады. Қазіргі басты нұсқа — суицид.
- Бүгін Одинцово қалалық округінде Роман Владимирович Старовойттың денесі жеке көліктің ішінен табылды. Ол оқ жарақатын алған, — делінген комитет мәлімдемесінде.
Бұған дейін кейбір телеграм-арналар Старовойт өз үйінің маңында өзін-өзі атып өлтіргені жөнінде хабарлаған болатын.