Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстаннан Ресейге жұмыс істеуге кеткен кемі жеті жігіт қазір түрмеде отыр. Адвокат олардың саны негізінен жиырмаға жуық екенін айтады. Барлығы 18-25 жастағы жігіттер. Полиция оларды кейінгі бірер ай ішінде бірдей «есірткі тасыды» деген айыппен ұстаған. Қазір олар үкім шыққанын күтіп отыр. Бұған дейін де ел ішінде шетелде жұмыс істеп, ақша тауып қайтамын дегендердің ізім-қайым жоғалған, не істі болған оқиғалары аз еместі.
Шымкенттік Динара есімді әйелдің 19 жастағы Елдар есміді ұлы күздің басында әлеуметтік желі арқылы жұмыс тауып, Красноярскіге кеткен. Барлық шығынын жұмыс беруші төлеген. Қазан айының соңында әйелге тергеуші хабарласып, ұлының «есірткі тасымақ болды» деп ұсталғанын хабарлаған. Жігіттің анасы Красноярскіге аттанып, түрмеде Елдармен кездескен. Оның сөзінше, ұлы сөз арасында өзіне «соғысқа барсаң, бостандық береміз» деген ұсыныс түскенін айтқан. Тап осындай ұсыныс басқа жігіттерге де түскен. Зульфира Исмаилова есімді азаматша 22 жастағы ұлы Тахирді соғысқа баруға мәжбүрледі ме деп қауіптенеді.
«Есірткі тасыдым деп мойындамасам қиын болатын еді, мама. Мойындамасам мені көрмей де кететін бе едіңіз?.. Сіздер мені іздеп кетпеу үшін мойындадым» деді. Соғыс туралы айта алмайды ғой. Түрмеде кездесуде маған: «Соғысқа барып келсем, тез қайтады екенмін» деді. «Ешқашан соғысқа баруға қол қойма, сен қол қойып қойдың ба?» деген кезде, баламның түрі бұзылып кетті, — дейді Зульфира.
Адвокат бұл азаматтардың Ресейге жеткен соң бір-екі ай ішінде ұсталғанын, істің күмәнді екенін айтады. Ресейдегі мигранттар құқығын қорғаушы соғыс басталғалы «есірткі тасу» бабымен ұсталатындар күрт көбейіп кеткенін мәлімдеді.