Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 21 қыркүйектен бастап көршілес Ресейдің 70 мыңға жуық азаматына жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) берілгенін айтты, деп хабарлайды Dauletten.kz.
«21 қыркүйектен бастап Ресейден келген 70 мыңға жуық адамға ЖСН берілді», - деді ол.
Министр өз сөзінде өзге ел азаматтарына ЖСН-ды не себепті бергенін түсіндірді.
«Бәрі де олар карточка алу үшін ЖСН алғысы келеді деп ойлайды. Мемлекет үшін кез келген шетелдік азаматтың қай жерде заң бұзғанын, қайда қашан келгенін тіркеу маңызды. Біз ол адамға ЖСН бере отырып, оны бүкіл деректер базасына енгіземіз. Оның айыппұлына дейін біліп отырамыз. Біз оларды қалағалап отыруымыз керек. ЖСН – азаматтықтық бекітпейді», - деді Бағдат Мусин.
Тағы көру