Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Республика күніне орай бірқатар азамат мемлекеттік марапатқа ие болды
Жаңалықтар

Республика күніне орай бірқатар азамат мемлекеттік марапатқа ие болды

24.10.2025
мин
0
103
Сурет: Aqorda

Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамуына үлес қосқан азаматтарды марапаттады, – деп хабарлайды Dauletten.kz.

Президент өз құттықтауында әр сала мамандарының еңбегі ел болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтті.

- Еліміз үшін дәрігердің ұлт саулығын сақтаудағы еңбегі, ұстаздың саналы ұрпақ тәрбиелеудегі үлесі, ауыл шаруашылығы мен өндіріс саласындағы жұмысшылардың қажырлы қызметі — бәрі де мемлекетіміздің дамуына қосылған баға жетпес үлес. Республика күні қарсаңында ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген барша азаматтарға алғыс айтамын. Елдігіміз еңселі, егемендігіміз баянды болсын! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Жарлығына сәйкес, еліміздің мәдениет пен өнер саласындағы белгілі тұлғалары жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болды.

«Қазақстанның халық жазушысы» атағы ақын Мырзатай Айтқожаға және жазушы Ғабит Қабышұлына берілді.

«Қазақстанның халық әртісі» атағы музыка, театр және кино саласына елеулі үлес қосқан қайраткерлер — Болат Әбділманов, Майра Өтекешова, Асан Жайымов, Тамара Жанқұл, Шолпан Жанысбекова, Бақыт Ибраев, Күләш Қазақбаева және Раушан Машуроваға табысталды.

Мемлекеттік марапат иелері ел мәдениетінің өркендеуіне, ұлт руханиятының дамуына және қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға зор үлес қосқан азаматтар ретінде атап өтілді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл