Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әлемдік деңгейдегі ойшыл, ұлт руханияты Абай Құнанбайұлының туған күні қарсаңында өткен XXIV Республикалық Абай оқулары өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Dauletten.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен 56 оқушы марапатталды:
I дәрежелі дипломмен — 13 қатысушы;
II дәрежелі дипломмен — 19 қатысушы;
ІII дәрежелі дипломмен — 24 қатысушы.
Сонымен қатар, қазылар алқасы үздік командаларды анықтады:
«Бас жүлде» — Шығыс Қазақстан облысы;
1 орын — Абай облысы;
2 орын — Қарағанды облысы;
3 орын — Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар облыстары.
Естеріңізге салсақ, ХХIV республикалық Абай оқулары Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Абай облысының «Абай және Шәкәрім» мемориалдық кешенінде өткізілді. Байқауға республика бойынша 23 команда, 130-дан астам жас абайтанушылар қатысты. Абай оқуларына қатысқан жас таланттар 6 номинация бойынша өз бақтарын сынады.