Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласында алғаш рет «Jaña Däuir Aruy» атты I республикалық студент қыздар шақырылымы басталды. Ауқымды іс-шара Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Шақырылымның ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» республикалық студенттер қозғалысы және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті.
«Jaña Däuir Aruy» шақырылымының басты мақсаты – студент қыздардың көшбасшылық әлеуетін арттыру, олардың білім, ғылым, кәсіпкерлік және инновация салаларында белсенділігін дамыту. Сондай-ақ, қатысушылардың құқықтық сауаттылығын нығайтып, қоғамдағы әйелдердің рөлін күшейту арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашу көзделіп отыр.
Шақырылымда түрлі салаларда жоғары жетістікке жеткен, студенттік ұйымдар мен қоғамдық жобаларда белсенділік танытқан көшбасшы қыздар бас қосып, өз тәжірибелерімен бөліседі. Олар ғылым, спорт, мәдениет, волонтерлік пен әлеуметтік жобалар аясында жеткен жетістіктерімен шабыт сыйлайды.
Іс-шараның негізгі бағыттары:
• Көшбасшылық және өзін-өзі дамыту;
• Кәсіпкерлік және стартап мәдениеті;
• Ғылым, технология және инновация (STEM, IT, жасанды интеллект);
• Спорт пен мәдени даму;
• Волонтерлік пен қайырымдылық.
Форматтар:
•Панельдік сессиялар мен пікірталастар;
•Мастер-класстар мен тренингтер;
•QYZ Networking – таныстық пен идея алмасуалаңы;
• Мотивациялық кездесулер;
•TEDx форматындағы шабыттандырушы баяндамалар;
• Практикалық воркшоптар.
I Республикалық «Jaña Däuir Aruy» атты студент қыздар шақырылымының спикер-қонақтары: Қанай Гүлмира Әмірханқызы, Ақерке Абылайхан, Жақсыбай Жұлдыз Әбілсейітқызы, Бахитова Аружан.
«Jaña Däuir Aruy» шақырылымы – еліміздегі студент қыздардың тәжірибе мен білім алмаса алатын алаңы. Екі күнге жоспарланған форум аясында қатысушыларды ҚР Ұлттық кітапханасына, ҚР Ұлттық музейіне, «Ozge Epic» креатив хабына экскурсиялар, сонымен қатар TEDx және мотивациялық форматта «QYZ Talks» жетістікке жеткен танымал арулармен кездесулер, панельдік сессиялар мен пікірталастар, интеллектуалды сайыстар жоспарланған.