Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Dauletten.kz сайты ауа райының өзгеруіне байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін республикалық маңызы бар автожолдар туралы ақпарат ұсынады.
ҚазАвтоЖол ұсынған мәліметтерге сүйенсек, ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қою жоспарлануда:
- 9 қарашада сағат 19:00-де Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар Көкшетау – Рузаевка автожолының 61-196 шақырым аралығында ( Ақмола облысының шекарасынан Рузаевка ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
- 9 қарашада сағат 19:00-де Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар Қарасай батырдың ескерткiш кешенiне кiреберіс жол автожолының 0-24 шақырым аралығында ( Солтүстік Қазақстан облысының шекарасында) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
- 9 қарашада сағат 19:00-де Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар Жезқазған - Петропавл автожолының 595-706 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Новоишимка ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
- 9 қарашада сағат 19:00-де Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар автожолдың 729-856 шақырым аралығында ( Ақмола облысының шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына.
2024 жылғы 10 қарашада сағат 09:00-де жолдар ашылуы мүмкін.