Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Риддер де тағы да апат болды
Жаңалықтар

Риддер де тағы да апат болды

10.11.2022
1 мин
0
938

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласындағы жылу электр орталығында тағы да ақау шықты деп хабарлады ҚазАқпарат.

Бүгін түнде Риддердегі жылу электр орталығында тағы да ақау шыққан. Осыған орай қала әкімдігі ресми мәлімдеме жасады.

«9 қарашада жылу электр орталығындағы №6 жоғары қысымды қазандық іске қосылған болатын. 10 қараша күні түнгі сағат 01:00-де температурасы 65 градусқа жеткен №6 қазандық апатты жағдайда сөндірілді. Бірден жөндеу жұмыстары басталып кетті», – деді қала әкімі Дмитрий Горьковой.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта орташа қысымды 3 қазандық жұмыс істеп тұр. Апатты жоюға барлық мамандар мен жабдықтар жұмылдырылған.

Еске салсақ, 5 қараша күні сағат 20.00-де аталған орталықтағы күл шығару жүйесіндегі сорғы істен шығып, №1 қазандық агрегатының қосалқы жабдығы апатты жағдайда ажыратылған болатын. Соның салдарынан 22 мыңнан астам абонент үшін жылу беру азайтылды.

Риддер қаласында төтенше жағдай жарияланды. Мектеп оқушылары 11 қарашаға дейін қашықтан оқуға көшірілді.

Төтенше жағдай режимі температуралық режим толық қалпына келтірілгеннен кейін алынатыны айтылды.

Ал Риддер тұрғындары ЖЭО-ны коммуналдық меншікке қайтару туралы петиция жазды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл