Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Риддер қаласында орналасқан жылу электр орталығының жаңа қожайыны қортқы көмір өндіретін зауыт салуды жоспралауда, деп хабарлайды Dauletten.kz.
ШҚО әкімдігінің мәлімдеуінше, Риддер ЖЭО-ны сатып алған компанияның жылу энергетика саласында үлкен тәжірибесі бар.
«Бұл компания Астана мен Қарағанды қалаларында жұмыс істейді. ЖЭО-ны сатып алу сомасы коммерциялық құпия. Жаңа инвестор жұмысқа кірісіп кетті. Ол Риддерде қортқы көмір өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр. Себебі бұл өнім бүкіл әлемде және Қазақстанда сұранысқа ие. Оны өндіру кезінде қазандық агрегаттарын жағу үшін қолданылатын газ бөлінеді», - дейді облыс әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев.
Оның сөзінше, қортқы көмір өндірісінде суды жоғары температурада 95 градусқа дейін қыздырады, оны жылу желісінде қолдануға болады.
«Жаңа меншік иелері «Қазмырыш» кәсіпорнымен де іскерлік әріптестік орнатуға ниетті. Олар металлургиялық ЖШС үшін де қортқы көмір өндіруге дайын. Ал артық қалғаны Қытайға экспортталатын болады. Қортқы көмір шығаратын зауыт құрылысының тағы бір артықшылығы - бұл экологиялық компонент, өйткені қортқы көмір өндірісінде күл шықпайды», - дейді Е.Нұрбаев.
Фото: Egemen.kz