Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Риддердегі өрт: ауылдарды қалпына келтіруге жарты миллиардтан астам қаржы бөлінді
Жаңалықтар

Риддердегі өрт: ауылдарды қалпына келтіруге жарты миллиардтан астам қаржы бөлінді

24.05.2021
1 мин
2
1201

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Риддер қаласына барды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Үкімет басшысы биыл 10 мамырда өрт салдарынан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесу өткізіп, зардап шеккендерге арналған тұрғын үй құрылысы жұмыстарының барысын тексерді.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Риддер қаласында болған өрттен зардап шеккен барлық отбасылар жақын арада жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдады", – деді А. Мамин.

Өрттен зардап шеккен отбасыларға арналған 30 жаңа тұрғын үйдің құрылысы төтенше жағдайлар салдарын жою үшін қарастырылған Үкімет резервінің қаражаты есебінен жаңа «Ботаника үшінші тұрғын үй ауданында» жүргізіліп жатыр.

Әр үйдің ауданы – 80 шаршы метр, ал үй маңындағы жеке учаске көлемі – 10 сотық. Риддер қаласында болған өрт салдарын жою үшін 557,5 млн теңге бөлінді.

Құрылыс жұмыстарын «ОблШығысЖол», «VK Invest Company», «QK Sunqar», «Востоквзрывпром», «Kazprofstroy Holding» компаниялары жүргізуде. Үйлердің құрылысын биылғы 15 тамызға қарай аяқтау жоспарланған. Жаңа шағын ауданда барлық қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салынады.

Жұмыс сапарына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қатысты.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
2 Пікір
Қ
Қазақ 25.05.2021
Байқұс термен тапқан жұмысшылардың жалақысының бір күндігін ұстап көмек берді деп жатыр
Жауап беру
Қ
Қазақ 24.05.2021
Бір легионердің жылдық табысы.Легинерлнрдің барлығын отандарвна қайтарып бір қала салуға болатын шығар
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл