Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бүгінгі сот отырысында марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді куәгер ретінде жауап беріп жатыр.
Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың арасында бұған дейін де бірнеше мәселе болған. Айтбек Амангелді Салтанатты күйеуінен ажырасуға үгіттеген мазмұндағы екеуінің WhatsApp мессенджеріндегі хаттарын оқыды. Ол қарындасына Бишімбаевтан кетуін сұрағанда, «Мені сен асырайсың ба?», - деп жауап берген. Айтбек Амангелді ортадағы алғашқы ұрыс-керістер қалай басталғаны туралы мәліметтер айта келіп, марқұмның бет-әлпеті көгерген суретін көрсетті.
Жәбірленуші тарап бұл сурет Бишімбаевтың Нүкенованы сабағанына дәлел болады деп есептейтінін де жеткізді.
Айтбек Амангелді осы суретті көргеннен кейін Бишімбаевпен төбелесіп қалғанын айтты. Ол осы жағдайдан кейін Нүкенованы алып кетпек болғанымен, марқұм кетуден бас тартқанын атап өтті.