Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Сара Назарбаеваның қайтыс болды деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Ол қазіргі уақытта ауруханада ем қабылдап жатыр. Бұл туралы Қазақстан Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына қарасты Ұлттық госпиталь мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
- Пациент қазіргі уақытта Президент Іс басқармасының Медициналық орталығы жанындағы Ұлттық госпитальда емделуде. Қазақстан Республикасының “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Кодексінің 273-бабына сәйкес, пациентке, оның денсаулық жағдайына және диагнозына қатысты мәліметтер медициналық құпия болып саналады.Бұл мәліметтердің жария етілмеуі – пациенттің заңмен қорғалатын жеке өміріне қол сұқпау, емдеу процесіне бөгде араласудың алдын алу және оның құқықтарын сақтау мақсатында жүзеге асырылып отыр.Медициналық этикаға түсіністікпен қарап, құрмет білдіргендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз, – деді госпиталь өкілдері.