Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Сатып алған затыңыз сапасыз болса: Заңгер пікір білдірді
Маман пікірі

Сатып алған затыңыз сапасыз болса: Заңгер пікір білдірді

11.11.2022
2 мин
0
1261

Заңгер Ғабит Өмірбектен пайдалы кеңес.

Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне қазақстандықтардан бір аптада 608 өтініш түскен. 331 шағымданушыға құқықтық көмек көрсетіліп, 274 арыз иесінің өтініші қанағаттандырылыпты. Комитет өкілдері, көбіне кәсіпкер сапасыз өнім ұсынып, тауарды айырбастаудан, жөндеуден немесе ақшаны кері қайтарудан бас тартқан жағдайда ел арыздануға мәжбүр болатынын айтады.

Әрі шағымдардың басым бөлігі бөлшек сауда, тұрмыстық қызметтер мен электрондық коммерцияға қатысты болып отыр. Жалпы қыруар қаржыға алған тауарыңыздың сапасы нашар немесе жарнамадан көрген мүлікке мүлде ұқсамайтын болса, не істеу керек? 

31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасында заңгер Ғабит Өмірбек жауап берді.

– Тұтынушы құқығын қалай қорғай алады? Не істеу керек? Жалпы, бұның бір белгіленген тәртібі бар ма?

– Әрине, бар. Тұтынушы құқығын қорғауы үшін, ең алдымен, өзі қандай тауар сатып алса да, көзімен көріп, ұстап, сапасын тексеріп көруі керек. Егер тауарды интернет арқылы алып жатқан болса, ол жерде "Интернеттегі бейнесі мен нақты тауардың түрі сәйкес келмейді" деп жазылып, ескертіліп тұрады. Егер сатып алған тауар көлемі немесе сапасы бойынша сәйкес келмесе, оны қайтаруыңызға болады.

– Қазір көп адамдар сіз айтып отырған ережеге мән бермей, тауарға тапсырыс береді. Егер алған тауар, техника біз ойлағандай болмай шығып, ал ол несиеге алынса, қалай болады? Несиені төлей бере ме?

– Ондай жағдайда несие беріп жатқан банк серіктес болып есептеледі. Яғни, тауарды сатып жатқан дүкен банкпен өзара келісімшартқа отырады. Сол келісімшарт арқылы азамат тауарды сатып алады. Сол уақытта тауар суреттегімен сәйкес келмесе немесе жұмыс істемейтін тауар болса, дереу сатушыға "сізден алған тауар сәйкес келмейді" деп арыз жазу керек.

Сонымен қатар банкке шағым тастау керек. Заң бойынша, тұтынушыға тауар ұнамаса, 14 күнде иесіне қайтарып беруге тиіс. Ол кезде де тауардың сатып алған кездегі түрі мен қайтарып жатқан кездегі түрі бір-біріне сәйкес келуікерек. Егер тұтынушы тауарды сындырып алса немесе қолданған болса, бір бөлшегі жоғалған болса, сатушының тауарды алмауға құқығы бар.

 

Informburo.kz 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл