| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда сауда және құрылыс секторларында көлеңкелі айналым әлі де көп. Үкімет бұл мәселені шешу үшін нақты шаралар қабылдауда, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Үкіметте вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мәселесіне арналған жиын өтті. Басқосуда өткен жылы енгізілген жаңа тәсілдер мен алдағы жоспарлар талқыланды.
Жиын барысында мемлекеттік органдардың даму жоспарларына тиісті KPI енгізілгені айтылды. Сонымен қатар салық төлеуден жалтару қаупі жоғары салалар үшін – сауда, құрылыс, көлік, денсаулық сақтау, білім беру және ауыл шаруашылығы – арнайы жол карталары әзірленіп, жүзеге асырылып жатыр. Бұл құжаттар әр сектордағы заңсыз айналымды қысқарту, ашықтықты арттыру және бақылауды күшейту мақсатында әзірленген.
Үкімет өкілдері қабылданған шаралардың экономиканың ашықтығын арттырып, бюджетке түсімдерді ұлғайтуға ықпал ететінін атап өтті. Сонымен қатар, алдағы кезеңде мониторинг жүйесі мен тиімділікті бағалау көрсеткіштері арқылы нәтижелер тұрақты түрде бақыланбақ.